ШҚО-да тұрғыннан заңсыз ауланған 130 келі балық тәркіленді
Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты
ШҚО-да тұрғыннан заңсыз ауланған 130 келі балық тәркіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тарбағатай ауданының тұрғыны балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер балықты заңсыз аулаумен айналысқан 30 жастағы ер адамды ұстаған.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары 130 келіге жуық көксерке мен қарақұйрықты, сондай-ақ 15-тен астам моноталшықты торларын тауып, тәркілеген. Табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.