Halyq Uni логотип
×

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Оқиға жөнінде мұғалім хабарлаған

 Динара Амантай 29.01.2024 | 10:25
Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Елордалық мектептің мұғалімі 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді. Мән-жайларды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады.

Оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы») бойынша әкімшілік іс қозғалды. Байқоңыр ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Полиция департаменті мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салады. Балаларды тәрбиелеу бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін ата-аналар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама