Астанада 62 жастағы ер адам қайырымдылық қорабын ұрлаған

Дәурен Ерболат

Полиция оның неге ұрлық жасағанын анықтап жатыр

Фото: pexels

Елордада жанармай құю бекетінен қайырымдылық қорабын ұрлаған 62 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ұрлық жанармай құю бекетінде жасалған. Онда «Аяла» қайырымдылық қорына тиесілі қорап болған.

Күдікті жанармай құю бекетіне кіріп, сатушылармен амандасып, арам ойын білдірмеуге тырысқан. Бекеттегі қызметкерлер ол ұрлық жасайды деп ойламаған. Арыз түскен соң полицейлер 62 жастағы ер адамды ұстады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның Астанада осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы Әзілхан Қазиханов.