Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр
Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х парақшасында елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
Қазір 1 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.
Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) Стамбұлдағы Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуінде болған.
Али Ерликаяның ақпаратынша, қару ұстап, бетперде киген 2 адам ер адамды атып кеткен.
Аталған факті бойынша ауқымды тергеу басталды. Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр, - деп мәлімдеді Али Ерликая.