×

Ыстамбұлда бетперде таққан 2 адам шіркеу қызметкерін атып кетті (ВИДЕО)

Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр

 Еркеғали Болатұлы 28.01.2024 | 18:18
фото: DHA

Түркия Ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х парақшасында елдегі католиктік шіркеуге қарулы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Қазір 1 адамның қаза тапқаны белгілі болып отыр.

Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша 11:40-та (Астана уақытымен 13:40-та) Стамбұлдағы Сарыер ауданындағы Санта-Мария шіркеуінде болған.

Али Ерликаяның ақпаратынша, қару ұстап, бетперде киген 2 адам ер адамды атып кеткен.

Аталған факті бойынша ауқымды тергеу басталды. Полиция қаскөйлерді ұстау үшін барлық шараны қолданып жатыр, - деп мәлімдеді Али Ерликая.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама