Halyq Uni логотип
×

Уфада ОМОН ұстап әкеткен ереуілші қайтыс болды

Новые Чебенки ауылына сүйіктісімен кездесуге барған оны белгісіз бағытқа алып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 28.01.2024 | 15:37
Уфада ОМОН ұстап әкеткен ереуілші қайтыс болды
фото: dzen.ru

Башқұртстандағы наразылық акциясы кезінде Уфа тұрғыны Рифат Дәуітов ОМОН алып кеткен соң қайтыс болды. Бұл туралы «Настоящее время» басылымы хабарлады.

Дәуітовтің әпкесі Залия Ахмадееваның айтуынша, ол мәйітті анықтау үшін мәйітханаға шақырылған. Марқұмның ата-анасына оның ішімдік ішіп, жүрегі тоқтап қалғаны айтылған. Бірақ Дәуітовтің туыстары оның ішімдік ішпегенін алға тартып отыр.

Басылымның мәліметінше, ер адамды Новые Чебенки ауылына сүйіктісімен кездесуге келген кезде ОМОН қызметкерлері ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Дәуітовтің бұған дейін полицияға шақырылғаны, оған наразылық білдіріп, тәртіп бұзды деген айып тағылғаны белгілі. Алайда оның әпкесі інісінің митингке қатыспағанын және оның басталуына 20 минут қалғанда кетіп қалғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама