Halyq Uni логотип
×

Еліміздің екі өңірінде қатты құрғақшылық болады

Құрғақшылық маусымда болады деп болжанып отыр

 Қымбат Елтайқызы 26.05.2022 | 13:30
Еліміздің екі өңірінде қатты құрғақшылық болады
коллаж: Halyq Uni

Қазгидромет 2022 жылғы маусымға арналған құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады.

«Болжамға сәйкес, маусымда республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтіліп отыр», – делінген ақпаратта.

Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы, Ақтөбе облысының Ойыл ауданы, Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады.

Дегенмен Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанып отыр. Ал Қызылорда облысының Қармақшы ауданы мен Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады, – дейді Қазгидромет.

Айта кетсек, құрғақшылық қарқыны және әсері Қазақстанның әр аймағында әртүрлі боп келеді. Қызылорда мен Маңғыстау облыстары VIII агроклиматтық аймаққа жатады. Яғни, құрғақшылыққа жиі ұшырайтын өте құрғақ, ыстық аймақ саналады.

Астық егетін бірқатар өңірде ылғал қоры жеткіліксіз. Қуаңшылық қаупі: Маңғыстауда шаруалар өзге облыстарға көшіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама