Үкім шығарарда сот оның 3-топ мүгедектігі бар екенін ескерді
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқырды, лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге азғырды деп айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сотта анықталғандай, сотталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдау арқылы прокурорға пара беруге азғырып, оның 600 мың теңгесін қылмыстық іс бойынша оңды шешім қабылдату үшін алу арқылы жымқырған.
Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін, қылмыспен келген шығынның орнын толтыруын, 3-топ мүгедек екенін ескерді.
Сот К.-ны ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен, 28-бабының 4-бөлігі арқылы 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.
Бұдан бөлек оған мемлекеттік қызметте және т.б. лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.