Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан күдікті анықталды
Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды
Динара Амантай
27.01.2024 | 13:39
Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген қарағандылық азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қазір оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұзақылық әрекетпен адамға қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.