Жеңілдетілген автонесие: автосалондарға қосымша жабдықтарды күштеп таңуға жол берілмейді

Ербол Тұрымбет

Монополияға қарсы орган автодилерлерге жабдықтарды күштеп таңуға жол бермеуге шақырды

фото: Нұрдәулет Әбікеев

Жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы шеңберінде автомашиналарды өткізу кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу бойынша автосалондар әрекеті - заңсыз. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу және 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие тану кезінде монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.

Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша жабдықтарды таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертті және жеңіл автомобильдерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімінің басталғанын хабарлады.

Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері болса, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінуге болады.