Астанада кәсіпкерлердің ақшасы қайтарылып берілді
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Астанада кәсіпкерлердің ақшасы қайтарылып берілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқығының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің 75 бизнес субъектілеріне 2,3 млн теңгеден астам соммаға кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталған.
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісім-шарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.