Денсаулығы сыр берген
Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергеу изоляторынан босатылды. Енді ол үйқамақта болады, деп хабарлады облыстық сот.
Еске сала кетсек, оған Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 11 қарашадағы қаулысы бойынша 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын.
Атырау облысы прокурорының ұсынысы бойынша Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы денсаулық жағдайына байланысты үйқамаққа өзгертілді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.