×

Ақтөбеде жеті кәсіпкерді 7 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Алаяқ кәсіпкерлікті қолдау қорын құратынын айтқан

 Дастан Жұмабекұлы 26.01.2024 | 14:44
Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде жеті кәсіпкерді 7 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Порталдың мәліметіне қарағанда, ұсталған адам өзінің таныстарының арасынан төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алғысы келетіндерді іздеген. Ол кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 5 млн теңгеге несие ресімдеуге көмек ұсынып, қызметі үшін жәбірленушілерден 1 млн теңгеден алған. Соның кесірінен жәбірленушілер ақшасыз және несиесіз қалды.

Алаяққа алданған 7 кәсіпкер анықталды. Олар күдіктіге 7 млн теңгені санап бергенін айтты. Алаяқ ақшаны жұмсап жіберген. Қазір оған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама