Halyq Uni логотип
×

Астанаға көшіп келетіндердің саны азаяр емес

Бас қалада халықтың саны шамамен бір жылда 74 мыңға өскен

 Дәурен Ерболат 26.01.2024 | 14:20
Астанаға көшіп келетіндердің саны азаяр емес
Фото: Halyq Uni

Елордаға көшіп келетіндердің саны азаяр емес. Бұл туралы Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ел ішінде бір жылда қоныс аударушылардың саны 26% өскен. 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте ішкі көші-қонға 733 мың адам, облысаралық қоныс аударуға 338 мың адам қатысқан.

Мегаполистер (50%) ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді. Мәселен былтыр 9 айда Астанаға 74 мыңнан аса (23%), Алматыға 67 мың (19,9%), Шымкентке 30 мың (8,9%) адам тұрақты тұруға келген.  Елорда келушілердің саны бойынша басқа мегаполистердің алдында тұр, - деді Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Көші-қон комитетінің төрағасы қазақстандықтардың Кореяда қашаннан бастап заңды түрде жұмыс істей алатынын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама