Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей шекарасында 100 келі есірткіні талқылады.
Комитеттің хабарлауынша, 2024 жылдың 18 қаңтарында рейдтік іс-шаралар барысында Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпекші болған жүк көлігінде халық тұтынатын тауарларға жасырылған шамамен 100 келі есірткі табылды.
Осы фактіге байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.