×

Назарбаев даңғылында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Оның әрекеті адамдарға қауіп төндірген

 Дәурен Ерболат 26.01.2024 | 10:27
Скрин видео

Қарағандыдағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген. Нәтижесінде желі қолданушыларының бірі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында жолдың көктайғақ екеніне қарамастан жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісін анықтады. Ол өзінің әрекетін видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Тәртіп сақшылары көлікті 32 жастағы ер адам басқарғанын анықтады. Жүргізушінің үстінен 2 хаттама (апатты жағдай туғызу, маневрлеу ережесін бұзу) толтырылды. Оған 55 380 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама