Жер телімінің жалпы құны 95 млн теңгені құрайды
Жетісу облысында кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады.
Ақсу ауданындағы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-ға тиесілі.
Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арнасының карьерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды. Олар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заң бойынша тыйым салынған.
Сот қаулысымен кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жер қойнауын пайдаланушыларға берілген рұқсат тоқтатылды.