Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Жер телімінің жалпы құны 95 млн теңгені құрайды

 Халық үні 26.01.2024 | 09:45
Жетісу облысында 30 жер телімі мемлекетке қайтарылды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Жетісу облысында кадастрлық құны 95 миллион теңгеден асатын 30 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Бұл туралы облыстың прокуратурасы хабарлады.

Ақсу ауданындағы ауданы 7 мың гектар игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша пайдаланылмаған учаскелер «Күреңбел» ЖШС-ға тиесілі.

Сонымен қатар Қаратал және Көксу өзендері арнасының карьерінің су қорғау аймағында жер қойнауын пайдаланушыларға заңсыз берілген 75 гектар жер анықталды. Олар құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірумен айналысқан, ал су қорғау аймағында тау-кен өндіруге заң бойынша тыйым салынған.

Сот қаулысымен кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жер қойнауын пайдаланушыларға берілген рұқсат тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама