Қазақстанға заңсыз келген Нигерия азаматтары елден шығарылды
Бұған дейін көші-қон заңнамасын бұзған 19 адам Африкаға қайтарылды
Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Нигерияның тоғыз азаматы Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған. Олар заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен елден шығарылған болатын. Алайда олар уақытында елден кетпеген.
Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың айтуынша, бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылды.