Пәтер Отбасы банк арқылы ипотекаға беріледі
Қазақстанда жыл сайын кем дегенде 100 жас ғалымға арнайы бағдарлама арқылы пәтер беріледі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, былтыр Отбасы банк жас ғалымдарға арналған бағдарламаны іске қосқан.
Бұл банкпен жасалған меморандумға сәйкес, алғашқы болып 100 жас ғалымға (төмендетілген пайызбен ипотекаға) пәтер берілді. Келесі жылы 150-200 адам баспаналы болады. Бұл (бағдарлама)
Отбасы банкінің өз қаржысы арқылы іске асырылып отыр. Заң жобасы («Ғылым және технонологиялық саясат туралы» ) қабылданғаннан кейін келешекте мемлекеттен де қаржы бөлінетін шығар, - деді Дархан Ахмед-Заки Мәжілісте.
Вице-министрдің пікірінше, бұл жас ғалымдарға тек ғылыммен айналысуға мүмкіндік береді.
«Жыл сайын жоқ дегенде 100 жас ғалым баспаналы болады. 2026 жылған дейін 1 мың адам пәтер алады деген жоспар бар», - деді ол.