×

Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген адам іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

Азаматтардан арандатушылыққа берілмеу сұралды

 Еркеғали Болатұлы 25.01.2024 | 14:57
фото: 4gconnect.ru

Telegram желісінде авторы Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген арна пайда болды. Облыстық полиция департаменті Instagram-дағы парақшасында соған қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалардың Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқандар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген полиция хабарламасында.

Ведомство ақпаратынша, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бейнебақылау камералары және оларға жақын жерлердегі полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге баса мән берілген.

«Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама