×

«Бизнес бар жерде дау да болады»: АХҚО сотына шетелдік компаниялар да жиі жүгінеді

27 шетелдік компанияның ісі сотта қаралды

 Дәурен Ерболат 25.01.2024 | 12:40
фото: АХҚО баспасөз қызметі

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Ренат Бектұров орталықта қандай істер қаралып жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АХҚО-да коммерциялық даулы істер 2019 жылдан бері қарала бастаған.

«Сот және арбитраж орталығы жұмыс істегелі бері 2,5 мыңнан аса іс қаралды. Оның 97-і сотта, қалған 2400-ден артық іс халықаралық арбитраж орталығында қаралды. Олар 100% орындалды. Бүгінде орталықтың төрағасын қосқанда сотта 11 судья бар. 27 мемлекеттің өкілінің ісі сотта қаралды. Жалпы (қаралған істердің арасында) қазақстандық компаниялардың иелері мен шетелдіктер де бар. Бизнес болғасын, жұмыс істеп жатқасын даулар болып тұрады. Барлық іс 100% қаралып орындалды», - деді Ренат Бектұров Сенаттың жалпы отырысында.

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығында істерді ағылшын құқық қағидатына негізделген тәуелсіз сот қарайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама