Үш өңірден радикалды топ мүшелері ұсталды
Олар терроризмді насихаттап, жамағатын қаржыландырған
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында радикалды топ мүшелерін ұстады.
Айта кетсек, қауіпсіздік қызметі мен полицейлер арнайы операциялар жүргізіп, діни радикалдардың қызметіне тосқауыл қойған болатын.
Жедел уәкілдер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен 3 адамды ұстады және қамауға алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.