Halyq Uni логотип
×

Елімізде екі мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кеткен

Мамандар жалпы 10 мыңнан аса адамға іздеу жарияланған

 Халық үні 25.01.2024 | 09:46
Елімізде екі мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кеткен
Фото: Halyq Uni

Елімізде екі мыңнан аса адам хабар-ошарсыз кеткен. Мұндай ақпаратты Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жариялады. Жалпы ел бойынша мамандар 10 178 адамды іздестіріп жатыр, оның 2 098-і хабар-ошарсыз кеткен.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласы (278 адам), Қарағанды облысы (217 адам), Павлодар облысы (170 адам), Алматы облысы (152 адам) тіркелген.

Ресми ақпарат бойынша, 1 572 адам үйден кетіп, оралмаған. 73 адам автокөлікпен шығып, келмеген. 38 адам жұмыстан шыққалы хабар жоқ.

Мамандар көп жағдайда 30-49 жас аралығындағы ер адамдардың әртүрлі жағдайда жоғалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестіріліп жатыр. олардың 89%-ы – 31-40 жас аралығындағы ер адамдар.

Алаяқтық бойынша 526 адам, ұрлық бойынша 309 адам және кісі өлтіру дерегі бойынша 143 адам іздеуде жүр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама