Төтенше жағдайлар вице-министрі ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үмітті екенін айтты
Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС арасында ақпараттандыру, байланыс және халықты хабардар ету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС – ТЖМ бөлімшелерінде сұранысқа ие өнімдердің кең спектрін шығаратын қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің бір бөлігі.
Кездесуде Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Бауыржан Сыздықов ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үмітті екенін айтты. Ал «Қазақстан Aselsan Инжиниринг» ЖШС-ның бас директоры Зия Чамоглу өзі басқаратын кәсіпорын ТЖМ бөлімшелеріне қажетті өнімді уақтылы және сапалы шығару, олардың алдына қойылған барлық міндетті іске асыру және орындау үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.