Олардың 4 158-і – еңбекке жарамды
2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен еңбек күші тапшы өңірлеріне 8 903 адам өз еркімен қоныс аударған. Оның ішінде қоныс аударушылар 6 492 және қандастар 2 337 адамды қамтыды. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ұлттық жоба аясында қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай шаралары ұсынылады:
Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.
Былтыр барлық қоныс аударғандардың ішінде 4 158 адам еңбекке жарамды. Оның 3 079-ы тұрақты жұмысқа орналастырылған, 164 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 35 адам бизнес ашу үшін гранттар алған.