Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында мүгедектігі бар баланы өз қатарластары жабылып ұрған

Соққыдан жарақат алғаннан кейін жасөспірімде селкілдек ұстамасы пайда болған

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 12:29
Маңғыстау облысында мүгедектігі бар баланы өз қатарластары жабылып ұрған
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны кәмелетке толмаған мүгедек баласын бір топ жеткіншектің ұрып-соққанын айтты. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлады Lada.kz.

Соққыдан жарақат алғаннан кейін жасөспірімде селкілдек ұстамасы пайда болған. Оған «2-дәрежелі эпилепсия» диагнозы қойылып, үшінші топтағы мүгедектік тағайындалды. Жеткіншекті бұдан кейін тағы да ұрып кеткен.

Бұған дейін соққыға жыққан кінәлілер жазаланған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр. Енді тағы да ұрып кеткен. 20 қыркүйек, сағат 06:30 шамасында болды. Ұлым мен оның досы дүкеннің жанында тұрған. Ұлымның айтуынша, оны 8-10 жасөспірім ұрған, - дейді анасы.

Оның айтуынша, жасөспірімді ұрып-соққандар анықталған, бірақ полицейлер қылмыстық іс қозғамаған. Тек «ұсақ бұзақылық жасағаны үшін» деп әкімшілік хаттама толтырған.

Сот-медициналық сараптамасы әлі тағайындалған жоқ. Біз әділдік пен қауіпсіздікті қалаймыз, - дейді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Ал Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі Ақтауда жеткіншектердің алдымен әкімшілік жазаға тартылғанын растады. Одан кейін 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылғанын мәлім етті. Қылмысты жасады деген күдікке 14 және 15 жастағы 2 оқушы ілінген.

«Дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама