Екібастұзда аяғы ауыр әйел көпқабатты үйден құлап кетті

Дастан Жұмабекұлы

Ол дәрігерлер келгенше көз жұмды

Фото: tengrinews.kz

23 қаңтарда Екібастастұз қаласында аяғы ауыр әйел көпқабытты үйдің балконынан құлап, мерт болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясына әйелдің биіктен құлағаны туралы хабар түнгі сағат 01:42-де келген. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше 30 жастағы келіншек мерт болды.

Жедел жәрдем 5 минутта жеткен.

Полиция департаменті жазатайым оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.