Елорда іргесінде бұралқы ит мектеп директоры мен оқушыны қауып алған

Еркеғали Болатұлы

Иттің иесі іздестіріліп жатыр

фото: видеодан скриншот

Ақмола облысының Қосшы қаласында бұралқы ит мектеп ауласында оқушы мен білім ордасының директорын қапты. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Ит жәбірденушілерді мектептің ауласында қуған. Алдымен баланың сөмкесін жыртқан. Оқушыға көмекке келген директорды тістеп алған. Қазір әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, иттің иесі іздестіріліп жатыр.

Бұралқы иттер бойынша қала әкімдігіне де хабарладық. Ветеринария басқармасына да айттық. Бүгінде олардың тарапынан бұралқы иттерді аулау, қамау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді мектеп директоры Нұркен Шахметов.