Ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
Алматыда полиция қызметкерлері кеше түнде қоғамда негізсіз дүрбелең мен үрей тудырған жалған хабарлардың авторларын анықтап жатқанын мәлімдеді.
Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, - деп ескертті қалалық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары азаматтарды тек ресми ақпарат көздерінен алынған жаңалыққа сенуге шақырды.
Еске сала кетсек, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінісі болған еді. Төтенше жағдайлар министрлігі «НТЦСН и И» сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған болатын. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.