Тінту кезінде күдіктіден 200 келіден астам мефедрон мен оның 100 литр шикізаты табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда есірткі дайындап жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады.
Күдіктіден синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы тәркіленді. 1997 жылы туған азамат жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындап, есірткіні сатумен айналысқан.
Тінту кезінде күдіктіден 200 келіден астам мефедрон есірткісінің дайын өнімі мен 100 литр шикізаты табылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, күдіктінің зертханасы елдегі үлкен зертхананың бірі болған деуге негіз бар. Өйткені ондай көлемдегі есірткі елде ең ірі зертханада ғана жасалады.
Мефедронның көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті. Есірткілер еліміздің жер-жеріне сату үшін ғана жасалған.
Сот шешімімен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.