Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылған
Алматыдағы жер сілкінісі кезінде қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев тұрғындардың қауіпсіз 384 нысанда түнеп шыққанын айтты.
Біздің қалада 384 нысан бар. Бұл – 229 мектеп және 115 балабақша. Cоның барлығы сейсмикалық жағынан тұрақты. Түнде сол жерде күзет жұмыс істеді. 1,5 сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерге келіп, халықты қабылдады, – деді Нұрлан Атығаев брифингте.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы реттеуші құжаттарға сәйкес, халықты жинау пунктерінің келу және ашылу уақыты қыс мезгілінде 1,5 сағат, жазда 1 сағат болатынын атап өтті.
Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылған.
Мегаполис тұрғындарын қабылдау пунктеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде 3,5 мың бала бар. Қазір мыңнан астам адам бар, оның барлығы осы сағат аралығында үйлеріне қайтады, – деді департамент басшысы.