×

Жер сілкінісі кезінде студенттерді эвакуацияладық – министр

Жатақханаларда кішкентай жарық пайда болған

 Дәурен Ерболат 23.01.2024 | 11:38
фото: Halyq Uni

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде жатақханалардағы студенттерді қауіпсіз жерге көшірдік. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір Алматыдағы 35 университетте 198 833 студент оқып жатыр.

Бірінші жер дүмпуі туралы ақпаратты алғанда бірден іске кірістік. (Жатақханалардағы) студенттер шұғыл түрде эвакуацияланды. Барлығын жүйелі түрде ұйымдастырдық. Біздің унивисеттердегі ректорлар мен проректорларға, студенттік ұйымдардың басшыларына шексіз алғысымды айтамын. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Саясат Нұрбек Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр кеше төтенше жағдай туралы фейк ақпарат тарағанын да растады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі №6, 8 жатақханалары қирап, құрбандар болды деген фейк ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Біз бірден тиісті ақпаратты беріп, оқиға орнына өкілдерімізді жібердік. Олар бәрін тексерді. (Жатақханаларда) кішкентай жарық пайда болған. Тиісті жөндеу жұмысын жүргіземіз, - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ ол Алматы жатақхаларындағы жағдай тұрақты екенін жеткізді. 

«Бүгінде барлық жағдай бақылауда. Біз барлық ректормен және жатақханалардағы жауаптылармен байланыстамыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама