Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан
Алматыда таңғы 9:52 кезінде тағы да жер сілкінді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тіркеген жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа 254 шақырым жердегі Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан.
Алматыда екі балдық жер сілкінісі сезілді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.5.
MPV магнитудасы – 5.2.
Тереңдігі – 5 шақырым.
Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні бірнеше рет жер сілкінді. Алғашқысын қала тұрғындар 23 қаңтар cағат 00:05 шамасында сезді.
«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сағат 00:42-де екінші жер сілкінісін тіркеді.