×

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 44 адам жарақат алды

35 адам үйіне жіберілді

 Халық үні 23.01.2024 | 10:02
Фото: Halyq Uni

Алматыда жер сілкінісі салдарынан 44 адам зардап шеккен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

44 адам жарақат алғаны туралы ақпарат түсті. Ішінде 35 адам үйлеріне жіберілді. Зардап шеккен қалған азаматтар қазір ауруханада жатыр, - деді департамент басшысы Нұрлан Атығаев.

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев бізде жойқын жер сілкінісі болмайтынын айтты.

Сейсмикалық жағдайдан кейін біз Қырғызстан мен ҚХР аумағында 100-ден астам афтершококты тіркедік. Қала тұрғындары қазірге дейін шамамен 5 афтершокты сезінді. Ал мұның қанша уақытқа созылуы мүмкін екеніне келсек, Түркия мен Сирияда болған жағдайға қарайық. Ол жақта жер сілкінісі қазірге дейін болып жатыр. Бізде жойқын дүмпу бола ма деген сұраққа келсек, бұған 100 пайыз кепілдік беремін. Бізде жойқын жер сілкінісі болмайды. Дүмпу бәсеңдеп жатыр, - деді Сәрсенбаев.

Бұған дейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жер сілкінісі салдарынан 8 адамның зардап шеккенін хабарлады. 

Айта кетейік, Алматыда 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні бірнеше рет жер сілкінді. Алғашқысын қала тұрғындар 23 қаңтар cағат 00:05 шамасында сезді.

«Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сағат 00:42-де екінші жер сілкінісін тіркеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама