Қарттар үйінде ақша ұрлаған медбике жазадан құтылды
Ол 250 мың теңге қолды еткен
Павлодар облысында қарттар үйінде ақша ұрлаған медбике жазадан құтылып кетті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Былтыр күзде Павлодар облысындағы қарттар үйінде медбике 2 зейнеткердің ақшасын ұрлаған. 24 жастағы қыз зейнеткерлердің банк картасын пайдаланып, жалпы 250 мың теңге ұрлаған.
Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі 4-тармағы («Ұрлық») бойынша іс қозғалды. Содан кейін іс Павлодар қаласы №2 сотына түскен
Сот талқылауына дейін жәбірленушілер сотталушымен татуласып, істі тоқтату туралы өтініш түскен. Залал толық өтелді. Жәбірленушілердің сотталушыға шағымы жоқ, – деп жазылған Павлодар қаласы №2 сотының қаулысында.
Сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды.