Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында учаскелік полицейді ағайынды екі жігіт ұрған

Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

 Дастан Жұмабекұлы 22.01.2024 | 11:40
Павлодар облысында учаскелік полицейді ағайынды екі жігіт ұрған
Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында учаскелік полицейді ұрған ағайынды екі жігіт қамауға алынды.

Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, құқық бұзушылар полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, балағат сөздер айтқан.

Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Ағайынды жігіттер туыстарын туған күнімен құттықтауға келіп, пәтерде алкоголь ішкен. Көршілер айғай-шуды естіп, 102-ге қоңырау шалған. Сол кезде учаскелік полицей келіп, құқық бұзушылардан полиция пунктіне баруды талап еткен. Ағайынды екі жігіт тәртіп сақшысының талабына мойынсұнбай, балағат сөздер айтып, полиция қызметкеріне қол жұмсаған.

Осыдан кейін басқа да полицейлер шақырылып, ағайынды жігіттер уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді. Қазір билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Екібастұз қаласының УҚИ-не қамауға алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігі бойынша адам қылмыс жасағаны үшін оның кінәсі сот үкімімен заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама