Halyq Uni логотип
×

Маңғыстау облысында қаржы пирамидасы салымшыларды 1 млрд теңгеге алдаған

Қылмыстық іс сотқа жіберілді

 Дастан Жұмабекұлы 22.01.2024 | 11:02
Маңғыстау облысында қаржы пирамидасы салымшыларды 1 млрд теңгеге алдаған
Фото: gov.kz/ Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10%-ын төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

Қаржы пирамидасының басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Осы қылмыстың кесірінен жәбірленушілерге 1 млрд теңге материалдық шығын келтірілген.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама