Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды
Жамбыл облысында жазатайым оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Көліктегі полиция басқармасы.
21 қаңтарда таңғы сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында оқыс оқиғадан темір жол көлігінің 2 қызметкері көз жұмды.
Бұл дерек негізінде Шу станциясындағы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ мәліметінше, бұл қайғылы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылған.