×

Жамбыл облысында 2 адамды пойыз басып кетті

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

 Дәурен Ерболат 22.01.2024 | 10:55
фото: ҚТЖ

Жамбыл облысында жазатайым оқиға салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлады Көліктегі полиция басқармасы. 

21 қаңтарда таңғы сағат 7:27-де Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында оқыс оқиғадан темір жол көлігінің 2 қызметкері көз жұмды. 

Бұл дерек негізінде Шу станциясындағы полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу») бойынша тіркелді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚТЖ мәліметінше, бұл қайғылы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама