Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдар саны өсіп жатыр (ВИДЕО)
Бүгінде олардың саны онға жетті
Дәурен Ерболат
22.01.2024 | 09:25
Түркістан облысында бірнеше жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген ауылдардың саны артып келеді, деп хабарлады Polisia.kz.
2022 жылдан бастап Ордабасы ауданына қарасты Төреарық, Жусансай, Аққайлы және Көлтоған ауылдарында бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Аудан жалпы 10 ауылдық округтен тұрады.