Атырау облысында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі жоқ (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім, - деген

фото: видеодан скриншот

Атырау облысында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады AtyrauPress.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ауданның 1985 жылы туған тұрғыны 9 қаңтардан осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтарда сағат 22:30 шамасында анасына «Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.

Қазір аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлері бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.