Атырау облысында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі жоқ (ВИДЕО)
Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім, - деген
Атырау облысында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлады AtyrauPress.
Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ауданның 1985 жылы туған тұрғыны 9 қаңтардан осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.
Із-түзсіз жоғалған адам 9 қаңтарда сағат 22:30 шамасында анасына «Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім» деп хабарласқан.
Қазір аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлері бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.