Тергеушілер «оны ұзақ қамау үшін аяқ-қолыңыз сыну керек» дейді
Желіге ер адамның әйел мен балаларын қорқытқаны туралы видео тарады.
Видеода жас келіншекке бұрынғы күйеуінің қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын көруге болады. Ол үйдің терезесін сындыруға оқталған.
Жалпы, келіншекті бұрынғы күйеуі үнемі аңдиды екен. 2018 жылы ажырасса да қырсоңынан қалмайтын көрінеді. Тіпті, қала ауыстырса да сол жерге барып, әйелге тыныштық бермейтін болған. Енді әйел әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрап отыр.
Ашумен мені өлтіруге оқталып жүр. Әкімшілік қамақ әсер етпейді. Қанша рет қамалды. Сынбаған жерім жоқ. Сот сараптамасы өзгеріп кетеді. Не үшін өзгертілетіні белгісіз. Тергеушілер «оны ұзақ қамау үшін аяқ-қолыңыз сыну керек» дейді. Қатты таяқ жесем, өліп қаламын ғой, - дейді келіншек.
Қазір шарасыз әйел отандық телебағдарламаның бәрінен өзіне көмек көрсетуін сұрап отыр.