Halyq Uni логотип
×

Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған

Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған

 Еркеғали Болатұлы 21.01.2024 | 13:22
Былтыр елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел қайтыс болған
фото: Halyq Uni

Былтыр Қазақстанда отбасындағы жанжал салдарынан 69 әйел мен 7 бала қайтыс болған. Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді.

2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2 452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды, - деді депутат.

 

Оның айтуынша, Сенат депутаттары Үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

Заң жобасы мыналарды қамтиды:

  • зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де);
  • оларды жария айыптаудың қылмыстық құқықбұзушылық санатына жатқызу;
  • балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама