Halyq Uni логотип
×

Кентауда заңсыз жұмыс істеген қызметкер оқушыларға қорлық көрсеткен

Күш қолдану және моральдық қысым көрсету фактісі расталды

 Еркеғали Болатұлы 21.01.2024 | 10:04
Кентауда заңсыз жұмыс істеген қызметкер оқушыларға қорлық көрсеткен
фото: iStock

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі мектептегі зорлық-зомбылық фактісін анықтады. Интернаттағы оқушының анасы мәселені шешуге көмек сұраған. Бұл мәселе Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Facebook-тегі ресми парақшасына жазылды.

Кентаудағы лицей-интернат оқушысының анасы Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне хабарласып, білім беру мекемесінде тәрбиешінің көмекшісі өзінің баласына, сондай-ақ басқа оқушыларға физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын жеткізген.

Оқушылардың ата-аналары, қалалық прокуратура және Түркістан облысы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жедел қабылдау ұйымдастырылып, нәтижесінде білім бөліміне сауал жіберілді.

Күш қолдану және моральдық қысым көрсету фактісі расталып, тәрбиеші көмекшісінің лицейде заңсыз жұмыс істегені анықталды. Ол енді мектепте қызмет атқармайды.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін лицей-интернатының директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие психологы, сынып жетекшісі сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама