Halyq Uni логотип
×

Үкімет басшысы елдегі уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды

Қаулы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі

 Халық үні 20.01.2024 | 17:46
Үкімет басшысы елдегі уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды
коллаж: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов ел аумағында уақыт белдеуін ауыстыруға қатысты құжатқа қол қойды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатта Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағат белдеуі қолданылады деп жазылған.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылдың 29 ақпанынан 2024 жылдың 1 наурызына қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын, – делінген қаулыда.

Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.

Бұл қаулы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Сауда және интеграция министрлігінде ғалымдар тобы 2023 жылдың ақпанында құрылған. 11 айдан аса уақыт ішінде жауапты органдар мен ғалымдар ортақ бір шешімге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама