Halyq Uni логотип
×

Түркістан әуежайында жолаушылардан 50-ден аса діни кітап тәркіленді

Екі тұрғынға айыппұл салынды

 Динара Амантай 20.01.2024 | 13:05
Түркістан әуежайында жолаушылардан 50-ден аса діни кітап тәркіленді
Фото: Halyq Uni

Көлік полицейлері халықаралық рейстің екі жолаушысынан діни мазмұндағы 50-ден астам кітап тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кувейт – Түркістан бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру кезінде қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін Түркістан облысының 34 және 66 жастағы тұрғындарын анықтады.

 Тексеру барысында жоғарыда аталған азаматтардан діни мазмұндағы 53 кітап табылып, тәркіленді. Ер адамдарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды, – делінген хабарламада.

Сот қаулысымен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 50 АЕК (184 мың 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама