Оның көлігі айыппұлдың бәрін төлемейінше айып тұрағында тұрады
Шымкент қаласында 33 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталып, оның көлігі айыппұлдың бәрін төлегенге дейін айып тұрағына қойылды.
Көлік жүргізушісі патрульдік полиция полкі инспекторларына қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат түскеннен кейін, көп ұзамай көшеде ұсталды. Оны қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен тәртіп сақшылары ұстаған. Полиция мұндай мәліметті жұмыс планшетіне орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы табады.
Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуге тиіс.
Қарызы бар азамат еш жерде жұмыс істемейтін қала тұрғыны болып шықты.