Елімізде жүргізушілер жылдамдық талаптарын сақтамайды – ІІМ
Былтыр жылдамдықты асырудың 4 млн-нан аса дерегі тіркелді
Қазақстанда жүргізушілер жылдамдықты шектен тыс асырып, заңды жиі бұзады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әкімшілік құқықбұзушылықтың ең көп таралған түрі – жылдамдық режимін сақтамау. 2023 жылы жүргізушілер тарапынан жылдамдықты асырудың 4 млн-нан аса дерегі тіркелді. Сондай-ақ олар жол белгілері талабын сақтамаған (2 млн-нан аса заңбұзушылық). Сондай-ақ көлікті пайдалану ережелерін бұзу – 300 мыңнан аса дерек. Жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзудың 311 мың дерегі тіркелді. Қазақстан аумағында құжатсыз жүру – шамамен 300 мың дерек. Осындай 5 заңбұзушылық жиі тіркелді, - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін ұшаққа мас күйде отырған әншінің жауапқа тартылғаны хабарланған еді.